Әлемдегі ең ерекше джакузи: Қазанда қайнауға дайынсыз ба?
Әлемдегі ең ерекше джакузиге шомылушылар өздерін қазанда қайнатылып жатқан еттей сезіне алады. Кава ванналарын ертеректе қант өндірісінде пайдаланған. Қазір ол Тибяо аймағының мәдени ошақтарының біріне айналған.
Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.
Манилалық есепші Майкл Диз Филиппин аралдарына демалу үшін келген. Ол аталған аймақтағы ерекше джакузиге шомылғанын айтып мақтанып жатыр. Тіпті, селфи жасап үлгерген екен.
Кава қазандарын көрші фабрикалардан алып келген. Ванна астындағы от лаулап жанып жатыр
Кава ванналары Панай аралдарында жүріп суықтап қалудан қорғайды
Ваннаға түсушілер қажет температураны өздері таңдайды
Нағыз жұмақ: Майкл бұрын-соңды қоңыр қант дайындау үшін қолданылған қазанның ішінде
Ваннаға қажет су Кава құбырларынан алынады. Ал от отын мен пальмалардың көмегімен жағылады
Ваннаның ішіне гуава, зімбір әне т.б. гүлдердің жапырақтары салынады. Олар өз кезегінде тері ауруларын емдеуге көмектеседі.
Ваннаның жанында міндетті түрде кезекші отырады. Ол су температурасын бақылап, туристерге терісін күйдіріп алмауға жағдай жасайды
Майкл бұл аймақтың өзіне қатты ұнағанын айтып жатыр
Жіберіп алмаңыз:
Тойда бұрынғы жігіті қалыңдықтың ұятсыз суреттерін көрсетті (фото)
МС Сайлаубек қазақстандықтардан 2 миллион ақша сұрады
Cәби 41 күн өмір сүрді, бірақ 2 адамның өмірін құтқарды
Порноактриса өзін түсірілім кезінде зорлап кеткенін айтып шағымданды