Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

МС Сайлаубек қазақстандықтардан 2 миллион ақша сұрады

Түсініксіз тілде ән салатын орындаушы МС Сайлаубек жаңа бейнебаянын жарыққа шығарып, телеарналарға өткізу үшін қазақстандықтардан ақша жинап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

сайлаубек_18

«Құрметті, қазақстандықтар! Бейнебаян түсіріп, оны телеарналар мен әлеуметтік желілерде тарату үшін бізге ақшалай көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Егер МС Сайлаубектің желідегі 86 мың оқырманы 23 теңгеден беретін болса, біз тез арада қажетті сомманы жинап, МС Сайлаубекті лайықты түрде шығарар едік.

Краудфандинг (белгілі бір адамның немесе бірлестіктің бастамасын қолдау мақсатында өз еріктерімен ақша жинап беретін адамдар ынтымақтастығы) әдісін қолдануды жөн көрдік және жиналған қаражат толықтай «Қазақша флоу» бейнеклипіне жұмсалады деп кепілдік береміз. Ақшаның бір бөлігі Red Dragon камерасын, ғимарат пен жарық беру құрылғыларын жалға алуға жұмсалады. Бізге жетпейтін қаражат көлемі – 2 000 000 теңге», – делінген МС Сайлаубектің парақшасында қалдырылған жазбада.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы келесі кітабын «Әйел бақыты» деп атамақ

Жадо өзін “сауатсыз әрі семіз” деп кемсіткен Түсіпбаеваны сотқа берген

Қайрат Нұртас концертінде Кенжебек Жанәбіловке өзінің әнін айтқызып жіберді (видео)

Жәния Джуринская өзі үшін не нәрсенің ұят екенін айтып берді (видео)

Талқылау