Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы келесі кітабын «Әйел бақыты» деп атамақ

2016 жыл тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы үшін табысты болды. Кітабын шығарды, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын иеленді. Оған Ұлттық арнаның рейтингін жоғарылатқан «Әйел бақыты» бағдарламасын қосыңыз. Ол аз десеңіз, жарты жыл бұрын ғана жарық көрген «Менің екінші кітабым» туындысының авторға қандай табыс алып келгенін айтып берейік.

лайла_13

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Меломан» дүкендер желісі аяқталуға шақ қалған 2016 жылда ең көп сатылған кітаптар тізімін жариялады.

Ләйлә Сұлтанқызының «Менің екінші кітабым» туындысы 2016 жылы ең көп сатылған кітаптар қатарына енді. Нақтырақ айтсақ, бұз тізімде 4-орынды еншіледі. Небәрі жарты жылдың ішінде аталмыш кітаптың 5 мың данасы сатылып кеткен.

ded51959e16a17db46c6eaeb04aecc22

Ал қуанышымен бөліскен Ләйлә Сұлтанқызы 2017 жылдың көктемінде аталмыш кітаптың жалғасының жарыққа шығатынын мәлімдеді. Автордың өмірінен сыр шертетін туынды Сұлтанқызы тізгінін ұстаған «Әйел бақыты» бағдарламасының атымен аталмақ.

«Бұл кітаптың 4-орынға шығуы тек сіздердің арқаларыңызда. Жаңа кітап келесі жылы 1-орынға шығатынына күмәнім жоқ. Көп рақмет», – деп жазды Сұлтанқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы туған күнін 90-жылдардың стилінде атап өтті (фото, видео)

Жадо өзін “сауатсыз әрі семіз” деп кемсіткен Түсіпбаеваны сотқа берген

Мейрамбек Бесбаев Қайратпен бірге билеп тұрып ән айтты (видео)

Шоқан Маратұлы 2 айда 120 мың доллар табыс тапты

Талқылау