Әлемде жер сілкіністерінің саны артады – Ғалым
Ресей ғылым академиясының бірыңғай геофизикалық қызметінің директоры Юрий Виноградов алдағы бес жылда әлемде сейсмикалық белсенділік пен жер сілкіністерінің саны артатынын болжады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маман магнитудасы шамамен 9 балл болатын күшті жер сілкінісі орта есеппен 5-7 жылда бір рет болса, жылына 2-3 рет 8 балдық жер сілкінісінің орын алатынын алға тартты.
"Соңғы төрт жылда бізде сейсмикалық белсенділік төмендеді. Жер бетінде сейсмикалық энергияның бөлінуі біршама азайды. Алайда алдағы бес жылда сейсмикалық белсенділік орташадан сәл жоғары болады. Сондықтан жер сілкіністерінің саны аздап өседі", - деді Виноградов.
Ғалым ең күшті жер сілкінісінің қай жерде болатынын нақты айтпады. Себебі әлемдегі сейсмикалық аймақтар белгіленген және соған орай жер сілкінісіне әрқашан дайын болу керек.
Еске салсақ, Түрік сейсмологі Доган Перинчек тағы бір жойқын жер сілкінісі Дарданелл бұғазының жағасындағы портты қала Чанаккале аймағында болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық студенттер оқу ақысының негізсіз қымбаттағанына наразы: ЖОО-лар келесі оқу жылына бағаны қаншаға өсірді
