Әлем чемпионы Карлос Адамес Әлімханұлымен жекпе-жектен неге бас тартқанын түсіндірді
Фото: Getty Images
Орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері, Доминикан Республикасы боксшысы Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлымен кездесу өткізуден бас тартуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Сауд Арабиясының беделді кәсіпкері Турки әл-Әш-Шейх қараша айында қазақстандық WBO және IBF чемпиондарымен жекпе-жек ұйымдастыруға бастама көтерген еді.
Әлеуметтік желідегі сұраққа жауап берген Адамес ұсыныстың өзіне ұнамағанын айтты:
"Бұл “миллионер” лайықты ұсыныс жасаған жоқ, сондықтан келіспедім", – деді ол.
Қазіргі таңда Адамес 23 қарашада рингке оралатынын мәлімдеді, бірақ қарсыласының кім болатыны әзірге белгісіз.
Ал Жәнібек Әлімханұлы осы аптада АҚШ-қа келіп, қарашаның басында кезекті жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр.
Бұған дейін, Аарон Маккенна Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

