Әлем чемпионатында күтпеген нәтиже: Жәмилә Бақбергенова іріктеу кезеңінде сүрінді
Фото: ҚКФ
Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық балуан Жәмилә Бақбергенова сенсациялық нәтижемен жарысты ерте аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
72 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған төрт дүркін Азия чемпионы және әлемдік рейтингтің көшбасшысы 1/8 финалда Қырғызстан спортшысы Нурзат Нуртаеваға ұпай бойынша жол берді.
Бақбергенова турнирдің басты фавориттерінің бірі саналған еді. Дегенмен, рейтингте 34-орында тұрған Нуртаева күтпеген жеңісіне қол жеткізіп, чемпионаттың алғашқы үлкен тосын сыйын жасады.
Айта кетейік, Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионаттарында бірнеше мәрте жүлдегер атанған. Ол 2021 жылы Ослода (72 кг дейін) күміс, 2022 жылы Белградта күміс, ал 2023 жылы Белградта қола медаль жеңіп алған.
Еске салайық, қазақстандық балуан 2025 жылғы Аммандағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанып, 10 000 ұпайға ие болған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

