Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлем бойынша 50 жылдың ішінде болған табиғи апат салдарынан 2 миллионнан астам адам қаза тапқан

1970 жылдан 2019 жылға дейін климаттың өзгеруіне және ауа райы жағдайына байланысты табиғи апаттар салдарынан әлемде 2 миллионнан астам адам қайтыс болған. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы өз баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымның деректері бойынша, 50 жыл бойы табиғи аппаттан күн сайын 115 адам қайтыс болып, 202 млн доллар шығын келген. 1970 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта әлем бойынша 11 мыңнан астам табиғи апат тіркелген. Олар 3,64 триллион доллардан астам шығын келтірген.

"1970 жылдан 2019 жылға дейін ауа райы, климат және су қауіптілігі барлық апаттардың 50%-ын құрады, бұл барлық тіркелген өлімнің 45%-ын және барлық тіркелген экономикалық шығындардың 74%-ын құрайды. Бұл өлімдердің 91% -дан астамы дамыған елдерде болған", – делінген ұйым есебінде.

Ең үлкен залал табиғи апаттардың мына 4 түрінен болған:

- құрғақшылық (650 000 қаза тапқандар);

- дауыл (577 232 адам қаза тапқандар);

- су тасқыны (58 700 қаза тапқандар);

- экстремалды температура (55 736 қаза тапқандар).

Климаттың өзгеруі мен ауа райының экстремалды өзгерісіне байланысты 50 жыл ішінде табиғи апаттар саны бес есе артқаны атап өтілді. Бірақ ертерек әрекет ету және жауап беру жүйелерінің арқасында өлім саны үш есеге қысқарған:

- 1970-1980 жылдары күніне орташа есеппен 170 өлім тіркелді;

- 1990 жылдары бұл орташа көрсеткіш үштен бір бөлігіне төмендеді – күніне 90 өлімге дейін;

- 2010 жылы бұл көрсеткіш күніне 40 өлімге дейін төмендеуін жалғастырып келеді.

"Алдын ала ескерту жүйелері көп адамның өмірін сақтап қалады. Сонымен қатар мәселе қауіпті аймақтардағы халықтың санының өсуіне, сондай-ақ ауа райы құбылыстарының қарқындылығы мен жиілігінің жоғарылауына байланысты тәуекелге ұшырайтын адамдар санының артуында болып тұр. Біз климаттың өзгеруіне бейімделу апаттардың қаупін азайтудың ұлттық және жергілікті стратегияларына кіріктіруі үшін апаттардың тәуекелін басқарудың интеграциялануына көбірек инвестиция салуымыз керек", – деді Бас хатшының апаттар қаупін азайту жөніндегі арнайы өкілі және БҰҰДБ басшысы Мами Мизутори.

Ең үлкен экономикалық шығынға дауыл (521 миллиард доллар) мен су тасқыны (115 миллиард доллар) себеп болған. Келтірілген залал көлемі жыл сайын өсуде: 1970 жылдан 2010 жылға дейін ол жеті есеге өскен. Ең үлкен экономикалық залал 2017 жылы үш дауылдан болған: Харви (96,9 миллиард доллар), Мария (69,4 миллиард доллар) және Ирма (58,2 миллиард доллар).

Бұл ретте ұйым мұндай табиғи апаттар жиі болатынын да атап өтті.

"Ауа райының күрт өзгеруі, климат және су құбылыстарының саны артып келеді және бұл климаттың өзгеруіне байланысты әлемнің көптеген бөліктерінде жиілей түседі. Бұл қазіргі уақытта біз көріп отырған Еуропа мен Солтүстік Америкада көрген ыстық аптаптардың, құрғақшылық пен орман өртінің көбеюін білдіреді. Атмосферада су буының көп болуы, жауын-шашын мен өлімге әкелетін су тасқынын күшейтеді", – деді ДДҰ бас хатшысы профессор Петтери Таалас. 

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 01 Қыркүйек, 2021 15:52
Талқылау