Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус бойынша 3 сценарийді атады
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі Қазақстандағы пандемияға қатысты үш болжам айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл шаралары бойынша кеңес өтті.
Цой вирустың таралу жылдамдығы вирус геномындағы өзгерістермен байланысты екенін айтты.
"Ел аумағында анықталған мутацияланған штаммдарды ескере отырып, біз эпидемиологиялық жағдайдың болжамын жаңарттық. Осылайша, пессимистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 370 мың адамды құрайды, ауруханаға жатқызу 190 мың адамды қажет етеді", - деді министр.
Екінші реалистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың болжамды саны шамамен 250 мың адамды құрайды, ауруханаға жатқызуға 127 мың адам қажет болады.
- Тоқаев елдегі вакцинация үрдісін сынға алды: Президент Цойға жағдайды түзетуге бір ай уақыт берді
- Қазыбек Иса: "Жынысты ауыстырғанша, Цойдың миын ауыстыру керек" дегенге келісемін
Оптимистік сценарий бойынша 2021 жылдың сәуір-маусымында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 140 мың адамды құрайды, 71 мың адамды ауруханаға жатқызуға қажет болады.
"Министрлік елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді, соның негізінде медициналық ұйымдардың коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуіне дайындығын арттыру бойынша шаралар қабылданады. Денсаулық сақтау жүйесі эпидемияның сценарийі бойынша жүктемені жеңе алады. Осыған байланысты шектеу шаралары жергілікті және елдік деңгейде де, өңірлік деңгейде де сараланған түрде қабылданады", - деді Алексей Цой.
Оның пікірінше, вакцинация қарқынын арттыру шектеу шараларын азайтуға және пандемияға дейінгі кезеңдегі қоғамға оралуға мүмкіндік береді.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
