Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алексей Цой ДДСҰ -ның Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерін жариялады

Қазақстанның денсаулық министрі Алексей Цой мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуде коронавирусқа қатысты жағдайға қатысты мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Ақорданың ақпараты бойынша, президентке планетадағы пандемия дамуының негізгі үрдістері және вирусқа қарсы тұрудың негізгі көрсеткіштері бойынша еліміздің рейтингтері туралы баяндалды.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында, өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-орында, өлім-жітім бойынша 94-орында, COVID-19 індетінен жазылып шыққандардың саны бойынша 48-орында, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында", - деді Алексей Цой.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық  денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берілді. Денсаулық сақтау министрі жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 пайызға толғанын, жан сақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 пайызға жеткенін айтты.  

Алексей Цой COVID-19 вирусын жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Министрдің айтуынша, елімізде адамдардың коронавирустан қаза болу деңгейі былтырғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендеген.

Талқылау