Елімізде күн күрт суытады - синоптиктер
Қазгидромет 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Еліміздің солтүстігінде жаңбырдың қарға ауысуын және күшті екпінді желдің соғуын тудырған Атлантикалық циклон, ертең 9 сәуірде республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбырдың сулы қарға ауысуын) әкеледі. Ал циклон артынан Мәскеу аудандарынан суық антициклон ығысады, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі", - делінген ауа райы болжамында.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ