Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері Қазақстанда найзағай ойнап, тұман түсіп, жел күшейеді

Қазақстанның басым аумағында алдағы үш күнде ауа-райының құбылмалы сипаты күтіледі. Бұл туралы Қазгидрометтің инженер-синоптигі Саида Бердібекова айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, республика биік циклонның ықпалында болады, жаңбыр жауады, кей жерлерде күшті болады.

"Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның кей жерлерінде найзағай ойнайды, тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, секундына 15-25 метр, бұршақ жаууы мүмкін", - деді Саида Бердібекова.

Синоптиктің айтуынша, еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерін қоспағанда, ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтілуде, онда күндізгі температураның 20-25-ке дейін, кей жерлерде 28-ге дейін төмендеуі болжанады.

STAN.KZ
Сейсенбі, 25 Тамыз, 2020 07:44
Талқылау