AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алакөлде өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер биліктен демалыс орындарын қалпына келтіруді талап етеді

Алакөлде алапат өрттен зардап шеккен кәсіпкерлер биліктен көмек сұрайды. Айтуларынша, көлдің басында бірнеше өрт сөндіру депосы болғанда, шығынға шаш етектен батпас едік дейді. Кәсіпкерлер демалушылардың қауіпсіздігіне жүрдім-бардым қараған шенеуніктердің кесірінен, жылдар бойы маңдай термен тұрғызған кәсібімізден айырылдық деп отыр. Сондықтан, олар күлге айналған демалыс орындарын тез арада қалыпқа келтіріп беруді талап етеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Кәсіпкер Мәрия Жүніс

Бұл осыдан бір апта бұрын Алакөлдегі алапат өртте демалыс орындары күлге айналған кәсіпкерлер. Олардың шенеуніктерге өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, Алакөлдің басында билік тарапынан төтенше жағдайға еш дайындық жасалмаған. Бір күнде жиырма-отыз мың адам суға түсетін көлде құтқаруға арналған екі қайық қана бар. Ал, өрт сөндіру көлігі тіпті жалғыз. Соның кесірінен өткен аптада көл жағалауында қаз-қатар тізілген демалыс орындары бірінен соң бірі өртенді дейді кәсіпкерлер. Ең сорақысы, тұтанған отты өшіруге шалғайдағы аудандардан тартылған өрт сөндіргіштер тек түн ортасында бірақ жеткенін айтады.

“Үржардан ғана арасы екі жарым, үш сағаттағы пожарныйлар әзер жетті. Ол кезде уже барын жалмап біткен уақыт. Ал енді олар осы жерде тұрғанда айтып отырмын ғой, мынадай жағдай болмас еді. Кетсе бірақ корпус қана кетуі мүмкін еді”, – дейді кәсіпкер Қыдырхан Нөкербеков.

“Егер қауіпсіздік шаралары сақталған болса, қауіпсіздігіміз үкіметтен қорғалған болса, бұндай күй кешпеген болар едік. Өрт жарты сағаттың ішінде, не 10-15 минуттің ішінде сөнер еді. Себебі өрт сөндіргіш машина келіп, оның шлагілері жыртық. Одан су ақпай, ол шлагісін қосып жатқан кезде оның ішінде суы жоқ болып шығып, барлық ауқымды біздің басқа зоналардың бәрін алып кетті”, – дейді кәсіпкер Мәрия Жүніс.



Сондай-ақ, кәсіпкерлер Алакөлдегі арбаттың бойында өртенген демалыс орындарына өрт сөндіру көліктері блок бекеттерден кіре алмай сағаттап уақыт жоғалтқанын айтады. Мұны да биліктегілер дұрыс ойластырмай, құрылыста қате жіберген деп отыр. Ал аудан әкімдігіндегілер мұндай олқылықтарды мойындағанымен, мәселенің бірден шешілмейтінін айтып отыр.

“Бұл жерде расында пожарный депоның жетіспейтіні рас, ол мәселені біз осыдан үш жыл бұрын жобалық сметамызды жасап, жерін сұрап, қаражат сұрап келгенбіз. Үкімет шамасына карай бөлінеді деп отыр”, – дейді Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар Хамитов.

Ал кәсіптері құрдымға кеткендер егер көл жағасында қауіпсіздік сақталып, өрт сөндіру депосы болса миллиардап шығынға батпас едік дейді. Сондықтан, олар биліктегілерден өртенген демалыс орындарын жаз бітпей қалпына келтіріп, бар шығынды өтеп беруді талап етеді.

Еске салсақ, Алакөл жағалауында орналасқан бірнеше демалыс аймағы өртке оранды. Салдарынан 7 адам медициналық көмекке жүгінген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр