AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша қамауға алынған нигериялық Қазақстанға экстрадицияланбақ

Бұған дейін Нигерияда Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша Қазақстанда есірткі контрабандасымен айналысқан күдікті ұсталғаны белгілі болған. Ішкі істер министрлігі ұсталған азаматта Қазақстанға экстрадициялау мәселесі көтеріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

“20 маусым күні Нигерияда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабы 2-бөлігінде ("Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу") көзделген қылмысты жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген Адиндо Нонсо Фортун ұсталды”, – деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қыметі.



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оны ұстау және Қазақстанға одан әрі экстрадициялау туралы процессуалдық шешім қабылдау үшін қажетті материалдар Нигерияның Интерполының ҰҚК-не жіберілді.

Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов іске қатысы бар күдікті Нигерия азаматының шетелде ұсталғанын хабарлады. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр