AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырған нигериялық азамат ұсталды

Есірткі контрабандасымен айналысты деген айыппен Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты қыздың Қытайға сапарын ұйымдастырған Джонни есімді азаматтың ұсталғанын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортун,  лақап аты "Джонни", шет мемлекеттің аумағында ұсталды", – деді адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов.

2015 жылы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бұл адамға қатысты қылмыстық іс қозғаған.


Қытай Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты


Нұрмағамбетов толығырақ ақпарат алу үшін ҚР Ішкі істер министрлігіне адвокаттық сауал жолдағанын айтты.

Қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай Қытайдың Гуанчжоу қаласының әуежайында 2014 жылдың наурыз айында ұсталды. Ол таныстарының айтуы бойынша, Алматыдан Қытайға аттанған. Олар қызға Гуанчжоудан Малайзияға бренд киімдерін тасымалдауын өтініп, сол үшін қомақты қаражат төлейміз деп уәде еткен. Бойжеткен Гуанчжоу әуежайынан ұшып бара жатқанда ұсталды. Оның сөмкесінен есірткі табылды. Ақжарқын есірткі туралы мүлде білмейтінін мәлімдеді. Ол өз кінәсін мойындамады. Нигериялық есірткі трафигін ұйымдастырушылар әлі ұсталған жоқ.

2015 жылдың маусымында Гуандун соты Қазақстан азаматшасын өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2018 жылы сот істі қайта қарауға жіберді. Алайда кейінірек оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы туралы сот үкімі өзгеріссіз қалды. Аппеляциялық инстанция 2020 жылдың тамыз айында Ақжарқын Тұрлыбайдың үкімін тағы да өзгеріссіз қалдырды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр