Акула ер адамның басын тістеп, тісін сындырды
Оңтүстік Африка жағалауында акула сүңгуірге шабуыл жасап, басынан тістеп алған. Бір қызығы жыртқыштың тісін сынып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Таңғаларлық жайт 38 жастағы Джарид Норманның басынан өткен. Ол - Квазулу Натал провинциясында сүңгуір қайықпен аңшылық жасап жүргенде акулаға тап болған. Ол акулалардың жақын жерде жүзіп жүргенін көреді, бірақ аңшы бұл алып балық қорқыта алмаған.
"Бақтағы жыландар сияқты. Егер оны ашуландырмасаңыз және сізде оған қажет нәрсе болмаса, олар сізге назар аудармайды", - дейді Норман.
Акуланы Норманның қолындағы балық қызықтарған. Оны Норман су астында мылтықпен атып алған. Акуланың бірі Нормаға жүзіп, қолындағы балықты тартып алуға тырысқан. Бірақ жыртқыш аңшының басынан тістеп алған.
"Сол кезде біреу басымнан жұдырықпен ұрғандай сезілді. Бірақ бұл маған жасалған шабуыл емес еді. Ол менің қолымда тұрған балыққа көз салды", - дейді ол.
Екінші рет акула Норманның қолындағы балықты тартып алып, өз жөнімен кеткен. Ер адам зардап шеккен жоқ. Бірақ құрлыққа шыққанда басында теріде бір нәрсе тұрғанын байқаған.
"Әуелі басымды бір жерге ұрып, жарақаттап алған екенмін деп ойладым. Бірақ содан кейін көліктегі айнаға қарасам, акуланың тісінің кішкене бөлігі екен", - дейді ол.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
