Актриса Айнұр Ниязова алғашқы бейнебаянының тұсауын кесті
Көрерменге “Ликвидатор” фильмі арқылы танылған Айнұр Ниязова бірнеше саланы қатар алып жүру туралы шешім қабылдаған-ды. Осы уақытқа дейін тек актрисалық қырынан танылып жүрген бойжеткен алғашқы бейнебаянының тұсауын кесті.
Фото: instagram.com/niyazova_official/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.
Актриса осы уақытқа дейін инстаграмдағы парақшасына түсірілім барысындағы видеоны салып, желі қолданушыларын қатты таңқалдырған болатын. Себебі халық бұрын-соңды Ниязованың ән айтқанын көрген емес. Енді міне аталған бейнебаян да дайын болып үлгерді.
Айнұр ханым бұрын ән айтпағанын жоққа шығарып, мұның алғашқы әні еместігін айтады. Мұнымен қатар, ән айтса да, кино әлемінен кетпейтіндігін айтып жатыр. Бейнебаян түсірілген алғашқы туындысы “Мәңгі тоқтама” деп аталады.
Актриса 1985 жылы 8 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Балалық шағында ойын ойнаудың орнына, тігін машинасының алдына отырып киім тігетін болған. Мұнымен қатар, балалар ансаблінде би билеген. Мектеп-лицейді тәмамдаған соң Астана қаласындағы музыка және театр академиясына түседі. Университет қабырғасында білім алып жүріп “Афиша” бағдарламасын жүргізеді.
Оқи отырыңыз:
Ғашықтар мерекесінде “Жаным, сәлем” бейнебаянының тұсауы кесілді
Диана Шарапова шәкіртімен бірге бейнебаян түсірді
Тыңдармандар Айдана Меденованың жаңа бейнебаянына оң бағасын берді
Әлішер Кәрімов “Ла ла ла” атты су жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)