Диана Шарапова шәкіртімен бірге бейнебаян түсірді
Әріптестерін сотқа беріп, 4 миллион ақша талап еткен Диана Шарапова шәкіртімен бірігіп “Арман жолдарым” атты әнге бейнебаян түсірді.

Фото: instagram.com/dianasharapova_official/
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші дәл қазір Мәскеуде жүр. Аталған қалада әлі де бірнеше күн болмақ. “Түсірілім алаңынан бірінші рет көңілім тоқ болып кетіп барамын. Қазақстанда Диана Қуаныш есімді жаңа жұлдыздың бағы жанбақ! Ол менің ерекше тембрі мен тамаша даусы бар ең талантты шәкіртім. Армандаңыздар және армандар міндетті түрде орындалады!” – дейді әнші.

Аталған бейнебаянға әншілерден бөлек, “Танцы” шоуының қатысушылары түскен. Түсірілім жұмыстары аяқталса да, арналардан қашан көрсетілетіні әзірге белгісіз.
Естеріңізге сала кетсек, Диана Шарапованың өз концертінің билеттерін өзі сатып жүргені туралы хабарлаған болатынбыз.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады