Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)
Ақтөбелік жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады. Көшедегі жұрт оған сүйсіне қарап, ғашықтарға ақ тілектерін айтты.
Бұл туралы Instagram-дағы aktobe_zello парақшасында жазылды.
Жігіт өз сезімін білдіру үшін 3-қабатқа кранмен көтерілген. Артынша бойжеткенге қолындағы шарлар мен гүлді ұсынған. Романтикалық көрініске куә болғандар қошемет көрсетті. Ал желі қолданушылары өз кезектерінде ақ тілектерін жеткізді. Оқиға Сәңкібай батыр даңғылының бойында болған.
“Жігіт нағыз романтик екен”, “Ары қарай да осылай бола берсін. Бірінші қиындықта-ақ бір-бірлеріңнен көңілдерің қалып жүрмесін”, “Жарайсың! Болашақ жарыңды үнемі осылай қуантып тұр” деп жазады желі қолданушылары. Арасында мұны танымалдылық үшін ғана істеді деп айыптағандар да болды.
Жіберіп алмаңыз:
Сотталушы рақымшылықтан бас тартты
Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды
Қазақтандық ару өзге елдің сектасына кіріп, туыстарын “мәйітжегіш” деп айыптаған