Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақтандық ару өзге елдің сектасына кіріп, туыстарын “мәйітжегіш” деп айыптаған

Ақмола облысының тұрғыны Алла Тимошенко қызын құтқаруға көмек сұрайды. Бойжеткен Одессаға демалысқа кетіп, содан қайтып оралмаған. Оның орнына туыстарына үрейлі хабарламалар жіберіп, оларды мәйітжегіш деп айыптаған.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Анасы қызының екі жоғары білім барын, спортпен айналысатынын, отбасының қамқоршысы болғанын айтады. Ол көктемде ғаламтор арқылы одессалық Андрей есімді жігітпен танысып, сәуір айында оның үйіне барып, жеміс жеп келетінін айтыпты. Үш аптадан соң анасы қызын іздей бастаған.

«Ол басында сендер тек жеміс жеңдер. Сендер мәйітжегішсіңдер. Ондай адамдар менің анам мен ағам бола алмайды деп жазды», – дейді анасы.

Алла Тимошенко әлеуметтік желіде Андрейдің Солнцеслав Огненный ал, Дианана Иванийчуктың Зоряной Солнцевой деген атпен тіркелгенін, олардың «Мәйіт жеуге қарсы секта» жабық тобында екенін білген.

«Зорянаға моральді түрде соққы беріп жатыр. Оны ақымақ қыз секілді көрсетіп, сектаға кіріп кетті деп жатыр. Ол бұл ағымның ұйымдастырушысы», – дейді Солнцеслав Огненный.

Солнцеслав пен Зоряна ет жемейтіндерге қарсылық танытушылар. Алайда, оларды вегетариандармен шатастыруға болмайды. Олар ет жеуден бас тарта отырып, есірткі шегуге, жұмыс істемеуге шақырады. Алайда, Тимошенко қызының бұлай ойлайтынына сенбейді. Ол қызының бұрын ет жегенін, есірткіге мүлде жоламағанын айтады.

«Оның байланыс нөмірі барлығы тұр. Неге қылмстық іс қозғамайды. Қалайша оны ұстай алмайтынын таңым бар», – дейді анасы.

«Біздің құқық қорғау органдары мұндай ақпаратты алған жоқ. Егер Алла Тимошенко жарамды дәлелдер келтірер болса, Украина елінің құқық қорғау органдарына жүгіне алады», – дейді облыстық ІІД –нің баспасөз хатшысы Гүлнұр Пинчук.

Алайда, қыздың анасы Андрейді қайдан іздерін білмейді. Ол бұрындары қызы Дианаға  өзге адамның суреттерін жібергені белгілі болған. Оның курстастары мен достарына да адам шошырлық хабарламалар келген екен. Онда өз ағымына қосылып, жұмыстарын тастап есірткі қолдануға шақырған.

Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында балаларды құрбандыққа шалатын секта жайлы айтқан қыз сотталды

Жат ағымдағыларды жаппай жұмысқа тұрғызу науқаны басталды

Қазақстанда қыздарды Сирияға жезөкшелікке аттандыратын ағым жұмыс істеуде

Талқылау