Қазақстанда қыздарды Сирияға жезөкшелікке аттандыратын ағым жұмыс істеуде

Жексенбі, 7 Тамыз , 2016 9:41

Елімізде қыздарды алдап-арбап, Сирияға аттандыратын теріс ағымның өкілдері жұмыс істеуде. Мұндай ақпаратты “Феминистік Лига” қоғамдық ұйымының жетекшсі Галина Морозова жариялады.

сирияя

Айтуынша, ол жаққа аттанған қыздар көп ұзамай жезөкшеге айналады екен деп хабарлайды 31 арна.

Ақмола облысында аты танымал ұйымның жетекшісі алаңдатарлық мәлімет таратты. Галина Морозованың айтуынша, Қазақстанда қыздарды Сирияға аттандырып, кейін жезөкшеге айналдыратын арандатушы топ жұмыс істеуде екен. Және қазір адам саудасы бойынша қоғамдағы қатер теріс ағымдардан туындап отыр дейді ұйым жетекшісі.

“Ұйымның өкілдері барлық облыста жұмыс істейді. Бізде қазір Қазақстанда жас қыздарды Сирияға баруға үгіттейтін топ жұмыс істеп жатыр деген ақпарат бар. Бұл өте қорқынышты жағдай. Сондықтан, біздің қыздарымызды мұндай топтардың арбауына түсіп қалмауға шақырамын. Қуантатыны, мұндай дерек Ақмола облысында тіркелген жоқ”, – дейді Феминистік Лига” Қоғамдық ұйымының президенті Галина Морозова.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Анонимно says:

    Сондай ұйым бар екен алданып қалмаңдар деп отыра береді. Мемлекет шынымен жаны ашыса бар екенін біле тұра неге түп тамырымен жоймайды.

  • Анонимно says:

    Вообще сайт не Керек жайларына карап журсе уйнен ешким серияга Алып кетпейди

  • Анонимно says:

    Кандай сайттар аттары болса шыгарып жария етпиды мекен. Подозрения бар сайттарды жабу кажет

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар