Ақмола облысында балаларды құрбандыққа шалатын секта жайлы айтқан қыз сотталды

Жұма, 27 Қараша , 2015 13:17

Ақмола облысында әлеуметтік желілерде балаларды құрбандыққа шалатын секта жөнінде жалған ақпарат таратып,  жұртты дүрліктірген 20 жастағы қыз екі жарым жылға сотталды.

0b2dfacd90f7df181dfe0a1bb43079f2

 

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек,  ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында құқық қорғау органдарына Бұланды ауданының тұрғынынан 12 жасар қызын белгісіз ер адам қорқытты -деп хабар түскен болатын.

Осыған орай,  жүргізілген тексеріс барысында аталған факті расталмады. Кейін белгілі болғандай, жасөспірім мектептегі сабағынан кешігіп қалғандықтан жалған сөйлеген.

Дәл,  осындай арызбен аудандық ІІБ-ге Макинск қаласының тағы бір тұрғыны келген. Арызданушының айтуынша,  белгісіз адамдар оның 11 жасар ұлын ұрламақ болған. Бұл ақпарат та шындыққа жанаспады.

Осылайша, бала ұрлау фактілері «Одноклассники» және мобильді мессенджер «Whats App» тәрізді әлеуметтік желілерде Ақмола облысы аумағында құрбандық шалу үшін 2-15 жас аралығындағы балаларды ұрлаумен айналысатын сектаның жұмыс істейтіндігі жөніндегі ақпараттың тарауына арқау болған.

Тексеріс барысында Шортанды ауданының тұрғыны 1995 жылғы қыз ұсталды. Ол балаларды ұрлау жөніндегі жалған ақпаратты Макинск қаласында тұратын өзінің анасынан естіп біліп, «Одноклассники» әлеуметтік желісі арқылы таратқан.

Кейін бойжеткен өзінің кінәсін толық мойындап, үстінен ҚР ҚК 274-бабын 2-бөлімінің 3-бөлігі (жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Қарашаның 5-і күні аталған қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды.

Жақында осы қылмыстық істі қараған  Шортанды аудандық соты айыпты болған қызға екі жарым жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Айка says:

    Қай шортанды Караганды жақтағы ма, іле Көкшетау ға бара жатқандағы ма

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар