Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік әйел тергеушіні соққының астына алды

Ақтөбелік азаматша тергеушіні соққының астына алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

29 жастағы азаматша Астана ауданындағы полиция бөлімшесіне тонау фактісі бойынша арыз жазуға барған. Әңгімелесу барысында әйел мен тергеушінің арасында жанжал туған.

Қылмыстық іс бойынша әйел адам тергеушіге аяғымен және қолымен соққы жасаған. 

Қазіргі таңда келіншектің үстіне қылмыстық іс қозғалды. Ол "Билік өкіліне күш  көрсету" факті бойынша айыпталды. Келіншек сотқа дейін қамауға алынды.

Талқылау