Жол-пұлға ақша сұраған: Ақтөбеде тергеуші алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Ақтөбеде полиция бөлімінің 26 жастағы тергеушісі алаяқтық және пара алу бойынша айыпталды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” сайтына сілтеме жасап.
Бұрынғы тергеуші әртүрлі жолмен алаяқтық әрекеттер жасаған. Мысалы үшін, ол күдіктінің анасына залалды өтеу үшін жәбірленушіге ақша аударуға болатынын айтады. Әйел полицейдің сөзіне сеніп, оған 55 мың теңге береді. Ал ол ақшаны өзіне алып қалған.
Тағы бір жолы жәбірленушілерді алдап соғады. Оларға қылмыстық іс бойынша күдікті басқа қалада екенін, оған бару үшін іс-сапар шығынын өтеу керек екенін айтады. Жәбірленушінің бірі — 20, екіншісі 25 мың теңге береді. Тергеуші осылайша бұл ақшаны да өз қалтасына басып қалады.
- Алматыда қызметтік көлігімен әйелді қағып өлтірген полицей жазаға тартылды
- Павлодар облысында жанжалды түрде жұмыстан шығарылған прокурор қайта жұмысқа кірісті
- "Өлер алдында кінәлілердің аты жазылған қағазды жұтып үлгерген": Өскеменде ер адамды қинап өлтірген жеті тұтқын сотталды
Сонымен қатар айыпталушы бұдан да басқа алаяқтықтар жасаған. Мәселен, ол күдіктінің танысына прокуратурадағы адамдардың көмегімен жазаны жеңілдетуге болатынын айтады. Бұл қызметі үшін ол 200 мың теңге сұрайды. Әлгі адам оған 70 мың теңге береді. Алайда ақшаны алған ол уәдесінде тұрмайды. Кейіннен бұл іспен басқа тергеуші айналысып жатқаны белгілі болады.
Заң бұзушы өзінің алаяқтық әрекеті мен адамдарды пара беруге итермелегенін мойындамады. Оның айтуынша, ол жәбірленушілерден ақша алмаған, бұл бұрынғы басшысының қастандығы болуы мүмкін. Алайда сот күдіктінің сөзіне сенбеді.
Соттың шешімімен бұрынғы тергеуші 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленушілерге барлық ақшаны қайтару міндеттелді. Сондай-ақ ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
