Ақтөбеде ҰҚК облыстық департаментінің қызметкері сотталды
ҰҚК облыстық департаментінің терроризммен күрес бойынша арнайы басқармасы басшысының орынбасары Асланбек Тахауиев сыбайласымен бірге бухгалтерді бопсалағаны үшін сотталды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Шенеунік департамент жүргізушісі және тағы бір әріптесімен 200 миллион теңгені банктен қолма-қол ақша етіп алмақ болған. Қаражаттың қайдан келгені туралы ақпарат жоқ.
Бірінші транш — 15 миллион теңгені алғанда, банк комиссия ұстаған, сол кезде ҰҚК департамент қызметкері ақшаны бухгалтерден талап етеді. Әйел адамды қорқытып, бір жарым миллион теңгені қайтарып алмақ болады. Банк қызметшісі полиция шақырған.
Сотталушылар кінәсін мойындамады. Арнайы басқарма басшысының бұрынғы орынбасары он жылға сотталып, мүлкі тәркіленді. Жүргізуші сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы бір сыбайлас адам қашып жүр.
Оқи отырыңыз:
Салтанат Бақаева күйеуімен бірге отбасылық дуэт құрды (видео)
2 жасар қызынан жұлдыз жасамақ болған Айдананы әріптестері сынап тастады
Нұрмағанбетова: Қайырымдылықтан пайда көргісі келетін, ұйымдастырушыларды алдап кететін әншілер көп
Ерке Есмахан хит әнін түрік актерімен бірге орындайтын болды