AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде Сапарбаевпен кездесуге кіре алмаған тұрғындар шу шығарды

Ақтөбеде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың халыққа есеп беру жиынына барғандар ғимаратқа кіре алмай, шу шығарды. Базынасын айтамыз деп барғандар 1200 орындық үлкен залдан өздеріне бір орын тимегеніне наразы. Тегін үй кімге тиесілі? Балабақшадағы 70 пайыздық көмек кімдерге берілетін болды?

Ақтөбеде Сапарбаевпен кездесуге кіре алмаған тұрғындар шу шығарды

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жылдағы дәстүрмен Сапарбаевтің есептік жиыны қаланың ортасындағы «Өнер орталығында» өтті. 1200 орындық зал әп сәтте лық толды. Әдеттегідей, алдыңғы қатарларды облыстық мәслихаттың депутаттары, әр кезде әкімнің жұмысына оң баға беріп, қолпаштап жүрген сыйлы ақсақалдар, түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері толтырды. Сондай-ақ жиынға басқармалар мен бюджеттік мекемелердің қызметкерлері тай- тұяғы қалмастан түгел жиналды. Қарапайым тұрғындардан еті тірілері ертерек келіп залдан орын алған. Алайда, олар бірең-саран. Ал кіре алмағандар есік алдында шу шығарды.

Тұрғындар жиын өтіп жатқан жерге дау-дамай шығаруға келмегендерін айтады. Мәселелерін айтқысы келіп оқталғандарына біраз болыпты. Аймақ басшысы есеп береді дегенді естіп келген беттері екен.

Несиеге болса да баспана берсе екен деген өтінішін айта келгендерді қала әкімі бар, облыс әкімінің аппарат басшылары бар, қаумалап, мәселелерін қарап беретіндерін айтты. Жалпы, облыс басшысының есебіне келгендердің денінің сауалы әлеуметтік мәселелерге қатысты болды.

«Жолдасым болса 11 жыл бұрын қайтыс болды. 3 балам бар. Біреуі – ерекше бала. Қазіргі күні менің мәселем- баспана. 10 жыл болды тіркеліп тұрғаныма. 2009 жылдан бастап», – дейді тұрғындардың бірі Жанар Әбдіразақова.

«Кезегіне байланысты беріледі. Егер шыныменен мұқтаж болатын болса, онда оларға бірінші кезекте демеушілердің есебінен көмек жасалады. Баршаларыңызға баспана туралы беретін жауабым осы», – деді Сапарбаев жиын кезінде.

Бердібек Сапарбаев әр салада тындырылып жатқан оң істерді санап берді. Мысалы, өткен жылы аймақта 908 мың шаршы метр тұрғын үй падалануға беріліпті. Биыл 500 шақырым көлік жолын қайта салып, күрделі және орта жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр екен. Тағы бір жаңалық перзенттері балабақшаға баратын көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларыға тамаққа төлейтін ақысын 70 пайызға арзандататын болады. Оған қоса мектепке баратын балаларды тегін тамақтандыруға тағы да қосымша 700 млн теңге бөлінбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр