AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде полицейлер үйсіз мысықты тамақтандырған зейнеткерге айыппұл салған

Ақтөбеде үйсіз мысықты тамақтандырған зейнеткерге полицейлер 30 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындаған. Танымал қазақстандық заңгер қарияның сөзін сөйлеп, тәртіп сақшыларының заңсыз әрекетке барғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Оқиғаны заңгер Жангелді Сүлейманов Facebook-те баяндады. 

Оның сөзінше, тәртіп сақшылары 68 жастағы қарияға мектеп ауласында үйсіз мысықты тамақтандырғаны үшін ғана айыппұл жазып берген. Сүлейманов полицейлердің бұл әрекетін заңсыздыққа балап отыр. 
"Үйсіз мысықтарды тамақтандырды" деп жазылған. Сол үшін әкімшілік жауапкершлікке тартыпты. Нақтырақ айтсақ, үй жануарларын ұстау және серуенге шығару талаптарын бұзу әрекеті. Бірақ мысықты тамақтандыру мен үй жануарын серуенге шығару екі бөлек нәрсе. Ақтөбе мәслихаты бекіткен ереже ит пен мысық иелерінің міндеттерін реттейді. Ал бұл жағдайда әйел үйсіз жануарды тамақтандырған, оны асырамайды, серуенге шығармайды. Сондықтан, иттерді, мысықтарды, үйректер мен аққуларды тамақтандыру заң бұзушылық болып саналмайды", - деп түсіндірді заңгер. 



Заңгер зейнеткерге салынған айыппұл мен полицейлердің әрекетіне шағым түсіретінін мәлімдеді. Көп ұзамай, заңгер әрекетінің нәтижесімен бөлісті. 

"Ақтөбе полициясы учаскелік полицей толтырған хаттаманы қарап, зейнеткерге айыппұл салмау туралы шешім шығарды. Полицияға сенемін. 

Әйтпегенде 3 мамырға белгіленіп қойған сотқа дайындықты бастап кеткен едім. Полиция хаттаманың күшін жойса, сот та болмайды",-  деп түсіндірді Сүлейманов.

Заңгерлер мен зооқорғаушылардың айтуларынша, полицейлер мұндай заңсыздыққа жиі жол береді. Мәселен, осыған ұқсас жағдай Қарағандыда да болған. 

Жануарлар үйінде орын болмағандықтан, еріктілер үйсіз ит пен оның күшіктерін алып кетуден бас тартқан соң, әйел оларды өздігінен тамақтандыра бастаған. Бұл оның көршілеріне ұнамаған, олар әйелді жазалауды талап еткен. 

Бұл ретте Жангелді Сүлейманов жануарларды тамақтандырғаны үшін полицейлер айыппұл салғысы келген жағдайда, қазақстандықтарға мынадай кеңес берді: 

әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қорғаушы керек екенін жазыңыз; 

хаттамада "істі сот қарауына жолдауды өтінеміз" деп көрсетіп, полицейдің заңсыз айыппұл жазып бергенін сол жерде көрсету керек.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр