Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде подъезде зейнеткерді ұрып-соққан күдікті ұсталды

Ақтөбеде еш себепсіз зейнеткерді сабаған тұрғын ұсталды. 33 жастағы  күдікті араққа сылқия тойып алып, сол күні не істеп не қойғанын білмейтінін айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

"Есімді білген жоқпын. Қатты ішкем. Кешірім сұраймын. Мойындаймын. Иә, жүк тиеуші болып жұмыс істеп жүрдім. Қазір жұмыс істемеймін, боспын", - деді ол

64 жастағы зейнеткерді подъезге кірген бойда күдікті артынан келіп жерге алып ұрады. Бетінен жұдырығымен бір ұрып қашып кетеді. Соққыға жыққан егде әйелді бұрын ол көрмеген, танымайды да.

Күдіктінің сөзінше, сол күні Хромтаудан келіп, облыс орталығынан пәтер жалдапты. Жалғыз өзі ішімдікке тойып, мастықпен жалаң аяқ көше аралап кеткен.

Тәртіп сақшыларына оны жедел ұстауға жалаң аяқ жүргені септігін тигізген. Дәмханалардың бірінің қызметкері аяқ киімсіз жүрген тұрғынға таң қалып, оны учаскелік полицейге хабарлаған.

Күдікті бұрын да бұзақылық жасағаны үшін істі болған екен. Ал зейнеткер әйел дін аман.

"Бұған дейін аталған азамат көшеде ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Әйелдің адамның жағдайы жақсы. Қалалық ауруханаға қаралды, қазір үйінде", - деді Ақтөбе қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Берденов.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр