Ақтөбеде орамал тағатын оқушыларға бөлек мектеп ашылуы мүмкін
Ақтөбеде орамал тағатын оқушыларға арналған мектеп ашылады деген ақпарат тараған соң, құзырлы орындар тексеруге кірісіп кетті.
Әзірге, бұл бастама туралы облыстық мешіт пен дін істер басқармасы тарапынан мәлімет жоқ. Білім басқармасы басшысы тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтады, деп хабарлайды «Тілші».
«Біз, ынталы топ қыздар оқитын білім орталығын ашқымыз келеді. Рас, орта мектеп ашылады деген әңгіме тарап жатыр. Әзірге, ресми тіркелген ештеңе жоқ. Тек бастама ғана. Біз репетиторлық оқу орталығын ашқымыз келеді. Бүгінде қыз балаларды оқытатын орталық ашу жөнінде хабарландыру тараттық. Кеңсеміз бар. Әкімдік тарапынан кездесу жөнінде бастама көтерілді. Әзір нақты ешкіммен кездеспедік. Орта мектеп ашу жөнінде әңгіме көтермедік. Барлығы бір құдайдың қолында», — деді бастамашыл топтың өкілі.
Айта кетейік, соңғы жылдары Ақтөбе облысында орамал таққан оқушы қыздар сабаққа кіре алмай жүр. Бұл іске дін істер министрі араласып, орамал тағатын оқушыларға мектеп ашуға болатыны жөнінде айтқан болатын.
Белгілі болғандай, егер Ақтөбеде орамал тағатын оқушыларға арналған мектеп ашылатын болса, көрші облыстардан көшіп келуге даяр отбасылар бар көрінеді. Сонымен бірге, шалғай ауылдардан да облыс орталығына қоныс аударуға ниеттеніп отырғандар жоқ емес.
Жағдайы жоқ отбасылардың балаларына демеушілер көмек көрсетуі мүмкін.
Тағы да оқыңыз:
Шикіліктер болды: Данияр Елеусінов бұрынғы промоутерімен келісімшарттың не үшін бұзылғандығын айтты