Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қолданыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын кеңейту мәселесі шешілді

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров БАҚ өкілдерін жаңа полигонның жұмысымен таныстырды.

Ақтөбе қаласында 2007 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан полигонның қуатылығы шамамен 2,5 млн тонна ҚТҚ-ны құрайды. Халық санының өсуіне және жаңа тұрғын үй алаптарының пайда болуына байланысты қалалық полигон шамадан тыс толып, қазіргі уақытта қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдай алмайды.

Осы проблеманы шешу мақсатында 2021 жылдан бастап полигонның аумағын 18 гектарға кеңейту жөніндегі жоба іске асырылуда.

Жаңа полигон аумағын пайдалану мерзімі - 6,5 жыл, бұл аумақта қоқыс жинау үшін 18 қосымша карта (қоқыс төгілетін шұңқыр) қарастырылған, картааралық жол жасалады, қоқысты көму, айналасын топырақпен қоршау, сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жобаның құны - 416,1 млн.тг. Жобаны іске асыру нәтижесінде полигонның сыйымдылығы 2,1 млн.тоннаны құрайды.

Талқылау