Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде ер адам полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Ер адам учаскелік инспекторды екі рет ұрғаны үшін ұсталды. Заң бұзушы мен оның танысы аулада алкоголь ішіп отырған, оны полиция қызметкері патрульдей барысында байқап, ер адамдарға ескерту жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

БАҚ: Жамбыл облысында полиция қызметкерін пышақтап, мүрдесін өртеп жіберген

Оқиға 10 мамырда сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласының 12-ші ауданындағы №62 үйдің ауласында учаскелік полиция инспекторы қоғамдық орында алкоголь ішкен екі адамды байқаған кезде болды, деп хабарлайды polisia.kz.

"Полицей оларға жақындап, өзін таныстырды, олардың әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын түсіндірді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін онымен полиция бөлімшесіне баруды талап етті. Ер адамдар полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Олардың бірі тәртіп сақшысына екі соққы берді", - делінген хабарламада.

52 жастағы шабуылшы - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны. Құқық бұзушыға қатысты қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-тармағы "Билік өкіліне зорлық-зомбылық қолдану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қаскүнем уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Екінші құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440 бабы "Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу", 478 бабы "Төтенше жағдайлар кезіндегі заңдылық пен тәртіпті бұзуға ықпал ететін іс-әрекеттер" бойынша әкімшілік хаттама жасалды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр