Ақтөбеде діни ағымның өкілі екі адамды құлдықта ұстаған
Үш рет сотты болған ер адамға Өзбекстан азаматы мен Ақтөбе тұрғыны — екі адамды құлдықта ұстады деген айып тағылып отыр, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
Фото: AP Photo / DIICOT-Romanian Police
Күдікті 14 сәуірде ұсталған, алайда ол туралы енді ғана белгілі болды. Ұсталған — 1986 жылы туған экстремистік діни ағымның өкілі. Ол бұрын соңды үш рет бұзақылық, қарумен заңсыз операциялар мен кісі өліміне қатысы болғаны үшін сотты болған. Ресейлік нөмір салынған Range Rover джипінде үш ұрыс және аңшылық қаруы табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ, оның Мартұқ ауданындағы тұрғылықты мекенжайын тінту барысында басқа да айғақтар табылған. Сонымен қатар, ұсталған ер адамның екі адамды — Өзбекстанның 1965 жылғы азаматы мен Ақтөбенің 1974 жылғы тұрғынын құлдықта ұстағаны белгілі болды.
Ақтөбе облысы ІІД–мен аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің мүлкін тәркілеумен 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін келесідей баптары бойынша: 288 бабы 2 тармағы (бірнеше рет атыс қаруын заңсыз жасау), 287 бабы 3 тармағы (Атыс қаруын заңсыз сақтау, тасымалдау), 126 бабы 3 тармағы (адамды қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру), 191 бабы 2 тармағы (күш қолдану қатерін төндіру арқылы тонау) қылмыстық істер қозғалды.
Оқи отырыңыз:
8 жасар қызды педофилден құтқарған оқушы тегін оқудан бас тартты
Талдықорғандағы Назарбев мектебінде 18 оқушы астан уланып қалды
Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды
Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр