Үйлері су астында қалған ақтөбеліктер биліктен жаңа пәтер талап етіп жатыр

Жұма, 21 Сәуір , 2017 22:06

Ақтөбеде топан суы кеткен бірнеше ауылдың тұрғындары үйлеріне оралып, дүние-мүліктерін түгендеп жатыр. Олармен қоса су басқан әр шаңырақты жедел топ аралап жүр. Арнайы комиссия алдымен баспананың жарамдылығын тексеріп, істен шыққан тұрмыстық техника мен жиһаздарын да есепке алады,-деп жазды КТК арнасы.

актобесу

Әйтсе де тұрғындар сыз басқан үйлерінің жағдайына алаңдаулы. Өйткені қайта жөндегенмен, ылғалдан мүжілген іргетасын қалпына келтіру қиын.

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар су тартылып, жер құрғай бастағанан-ақ үйлеріне оралуға асығып жатыр. Бірнеше күн бойы шылқыған суда тұрған заттарын енді кептіріп әлек. Бірақ кәдеге жарайтыны аз.

«Бүкіл дүние мүлік  бәрі қалды. Ештеңе ала алған жоқпыз. Бір киіммен шығып кеттік. Тоңазытқыш, жиһаз,  теледидар бәрі суға кетті. Ештеңе жарамсыз»,-дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Кенжегүл Әбдіғалиева.

«Кірпішті ауылының шетіндегілер әлі де болса үйлеріне қайықпен қатынайды. Тасқын кезінде мұндағы су деңгейі бір жарым метрге жеткен еді. Қазір, әйтеуір, аулалалары аз да болса құрғап, дүние-мүліктерін түгендеп жатыр»,-дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Кенжегүл Әбдіғалиева.

Талғат Әбжановтың үйінің тасқыннан ойраны шыққан. Бар жиған-тергені ауласында шашылып жатыр. Онысын ұрылар үптеп кетпесін деп бірнеше рет осында қайықпен жүзіп келіп-кетеді. Тұрмыстық техникасы істен шығып, ағаш жиһаздары ісініп кеткен. Бірақ бұл шығындарды оның өндіргісі жоқ. Мүгедек әкесі үшін басыбайлы бір бөлмелі пәтер берсе болды, мал-мүлік жинала жатар дейді.

«Әкемнің пәтер мәселесін шешіп берсе. Өзіміз жаспыз, жайлап қарастырамыз. Жағымсыз иіске ауыратын әкемді бұнда  әкелгім келмейді. Аурудың үстіне ауру жамайды»,- дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Талғат Абжанов.

Тасқыннан зардап шеккендердің сұрағанын комиссиядағылардың бірден ұстата қоймасы белгілі. Қазір олар су басқан әр шаңырақты аралап, шығындарын есептеп жүр.

«Қандай дүние-мүлкі зардап шекті соны анықтап, комиссияға береміз. Комиссияның  бағалайтын мамандары бар. Сол бағалаушы мамандары арқылы тағы қосымша шығатын болады»,-дейді жедел жұмыс тобының мүшесі Хайдар Ермашов.

Тасқын кезінде өзен жағасындағы бар қоқысты да су көтеріп, ағыспен ауылға әкелген. Енді су кеткенде оның бәрі көшеде шашылып жатыр. Қазір жинап, тазалауға әр елді мекенге бес жүз студент пен жоғары сынып оқушылары тартылыпты.

Оқи отырыңыз:

Асылхан Төлепов туған қаласы үшін көмек сұрады

Өскеменде кондуктор мүгедек ер адамның автобустан түсуін талап еткен

Автобус жүргізушісі мен кондуктор жол үстінде төбелесті (видео)

Ақтөбеде кондуктор жасөспірімді жол ақысына бола ұрып жіберді

Жанар Дұғалова: Табыс пен атақтың сүйікті ерімді алмастыра алмайтынын түсіндім

Әлемдік басылымда Димаш туралы мақала жарық көрді

Енді қазақстандықтар Димашты тек ғаламтордан көруі мүмкін

Димаштың атын пайдаланған алаяқтың кім екені анықталды

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар