Ақтөбеде боранда қалып қойған ер адам құтқарылды
Ақтөбе облысының тұрғыны Бекқұл баба кентінен Белогоркаға қарай жаяу шыққан. Жолда қолдары мен беті қатты үсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 16 наурызда кешке болған. Ер адам төтенше жағдайлар қызметінің ескертуін елемей жолға шығыпты. Бұл күні аймақта қатты боран соғып, ауа температурасының күрт төмендеген.
Құтқарушыларға 69 жастағы ауыл тұрғыны үйден жалғыз шыққаны туралы хабар түсті.
- "Жауын-шашын, ыстық пен үсік": Синоптиктер жаз бен күзге ауа райы болжамын жариялады
"Тез арада өтімділігі жоғары Трэкол техникасымен төрт адамнан тұратын жедел топ жіберілді. Зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушылар алыс сапарды, басқа ауылға баруды ауа райын ескере отырып жоспарлау керегін еске салды.
Жолдардың жабылуы немесе ашылуы туралы жедел ақпаратты "Дәрмен" мобильді қосымшасынан білуге болады. 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып анықтау мүмкіндігі де қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанға барар жолда көліктердің 12 сағат бойы тоқтап тұрғанын хабарлаған едік. Себебі кешкі боранға байланысты Нұр-Сұлтан-Щучинск тас жолы жабылып қалған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
