Ақтөбеде балабақшада бір жарым жасар қызды ит талады
Ақтөбеде бір жарым жасар Дилназды балабақшада жүрген кезде ит талаған. Қыздың беті мен денесінде ит тісінің іздері мен түрлі жарақаттар анық байқалады.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
“Оларда дәрігер жоқ екен. Бізбен ешкім сөйлеспейді. Меңгерушіге де жолыға алмадық, кабинеті жабық, тіпті кешірім де сұрамады”, – дейді анасы.
Бұл балабақша қызметі үшін отбасы ай сайын 40 мың теңге төлеп отыр. Әр топта алты баладан. Ал оқиға кезінде қасында тәрбиеші болды ма, жоқ па белгісіз.
“Қызымыз үнемі үйге қарыны ашып келеді. Ақшаны не үшін төлейтініміз түсініксіз. Қызым қатты жылаған, сонда да ешкім келмеген”, – дейді атасы Әлібек.
Ал қалалық білім бөлім мамандары болса мемлекеттік емес балабақшаларды бақылау біздің құзырымызға кірмейді деп құтылды.
Оқи отырыңыз:
Көкшетауда әлем чемпионын өлтіргендер сотталды
ЭКСПО-дағы Қазақстан павильонынан күдікті қорап табылды
Маңғыстау облысында өртенген көлік түгі қалмай жанып кетті
Алматыда газ балоны жарылып, көліктің түгі қалмай жанып кетті