Ақтөбеде 9 жасар қызды зорлаған педофил 23 жылға түрмеге қамалатын болды
Ақтөбеде 9 жасар жеткіншек қызды зорлаған ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақтөбе облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2020 жылдың 27 наурызындағы үкімімен Саржан Құрманов жәбірленушінің дәрменсіздігін пайдаланып күш қолданғаны, зорлағаны, сексуалдық сипаттағы зорлық іс-әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сотпен 23 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғаннан жәріберушінің пайдасына 5 миллион теңге моральдық зиян өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, Ақтөбеде ер адам 9 жасар қызды аңдып жүріп зорлап кеткені жайлы айтылған еді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ