Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 13 жастағы қыз жүкті болып қалды

Ақтөбе облысында ерте жүктілік белең алып барады. Аймақ дәрігерлері осылай деп дабыл қағып отыр. Мәселен, жуырда ғана ауыр аяқ болып қалған 13 жастағы жасөспірім гинекологқа қаралуға келіпті.

Ақтөбеде 13 жастағы қыз жүкті болып қалды

Өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында осындай 100-ден астам факті тіркелген. Құрсағына ерте бала біткендердің дені қала мектептері мен колледждерінде оқитын қыздар екен. Ең қиыны, олардың 70 пайызы толыққанды отбасында тәрбиеленіп жатқандар. Сонда, жас қыздардың бесіктен белі шықпай жатып жүкті болып қалуларына не себеп? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жүкті болып қалған оқушы қыз гинекологтарға қаралуға өз аяғымен келген. Алайда, дәрігерлер жанында ата-анасы жоқ жасөспірімді тексеруге құқығымыз да жоқ дейді. Сондықтан, консультация бергеннен кейін, тұрғылықты жері бойынша қаралуға жіберген. Алайда, көп жағдайда 13 жастағылардың ағзасының даму ерекшелігіне қарай жүктілігін сақтап қалу мүмкін еместігін ескертеді.

«Январьда 14-ке толатын қыз шығар , иә, оның босанатынын-босанбайтынын мен шешпеймін. Маған консультацияға келді. Мен айттым оған, по месту жительства, өзіңнің мекен-жайың бойынша обследование жасайсыз. ВКК-ға шақырамыз, сол жерде тағы да врачтар шешеді. Ол өзі болғаннан кейін, қараған жоқпын» – дейді гинеколог-дәрігер Гүлнәр Жанбосынова.

Статистиканы сөйлетсек, аймақта  2017 жылы жасөспірімдер арасында 105 жоспарланбаған жүктілік жағдайы тіркелсе, өткен жылы  101 дерек болған. Оның дені  қала мектептері мен колледждерінде оқитын қыздар. Ал егер әлеуметтік жағдайы тұрғысынан алып қарасақ, 101 деректің ішінде жасөспірімдердің 73 пайызы  әке-шешесі бар, толыққанды отбасында тәрбиеленген қыздар. Психолог бұл мәселеде қыздың отбасында әкенің махаббатын сезініп өспеуі де басты себептердің бірі болатынын айтады.

«Әкеден ондай жақсы көруді көрген жоқ. Мұндай іс-әрекет, ұсыныс түскенде «мен сені жақсы көрем» деген ұсыныс түскенде қыз бала оған қалай жауап қайтарарын білмей қалады. Бала мұны бірінші рет естіп тұр. Ең бастысы, қыз бала әкесінен, үйден жақсы көретін, қыз баланың бойында қандай қасиетті бағалау керектігін, ер баланың бойында қандай қасиетті бағалау керектігін осы қарым-қатынасты әкесінің қарым-қатынасымен үйренеді» – дейді психолог Арайлым Амангелдіқызы.

Ал көпшілік болса «қызым үйде-қылығы түзде» екенін естен шығармаған жөн деп санайды. Үйдегі тәрбиенің де маңызды роль атқаратынын айтады.

1) “Құйттай қыздар, біреу алдап соғады. Бірақ, алдап, әурелеп кетсе, оған ешкім ештеңе істей алмайды. Мұғалім де, шешесі де қарау керек.

2) Әке-шешесінен де бар кінә. Қоғамға да байланысты. Телевизорда небір сұмдықтарды көрсетіп жатыр ашықтан-ашық. Күдіз де, түнде де.

3)Тәрбие, тәрбие! Или біз бос болып кеттік пе. Раньше бізді қатты ұстады или время влияет на них

Өткен жылы дәрігерлер ақылдаса келе аяғы ауыр 14 жастағы екі жасөспрімінің де босануына тыйым салып, жүктілікті тоқтатқан. Өйткені, жас ағза көтере алмайтын болғандықтан осындай шешім шығарған. Соңғы рет осыдан 5 жыл бұрын 14 жастағы оқушы аман-есен босанған. Өмірге егіз әкелген. Жасөспірімдер гинекологы Салтанат Тобылбаева оның дін жолына түскен қыз екенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақкөлден Нұр-Сұлтанға аман жеткен жолаушылар жолда бірнеше тәулік түнеген

Олардың кейбірі жолда бірнеше тәулік түнеген

Қостанай облысында қар астында қалған екі адамды құтқарды

Құтқарылған кезде ер адамдардың жағдайы қанағаттанарлық еді

Сегіз айлық нәресте аман: Алматы облысында кесарь тілігімен босанған ана көз жұмды

Марқұмның анасы: Үйден кеткенде қызым сап-сау болған, дәрігерлер кінәлі

Қарағанды жолында ер адам көз жұмды

Департамент азаматтарға алыс қашықтыққа сапар шегуден бас тартуға кеңес берді

Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші пилоты қайтыс болды

Ұшқыштың жағдайының күрт нашарлады

Уханьдағы қытайлық медбике шын мәнінде қанша адам ауруға шалдыққанын айтып берді

Сырқатты жұқтарғандардың саны 90 мыңға жетті дейді ол

Көздеріңізді уқаламаңыздар: Қытайлық коронавирусты жұқтырудың жаңа тәсілдері айтылды

Ресейлік маман: Құрғақ жөтел мен дене қызуы сырқаттың негізгі симптомдары

Алматы тұрғындары қаладағы коронавирусты жұқтырған адам жайлы хабар шошытты: Ресми ақпарат

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы хабарламаның растығын жоққа шығарды

Алматы облысында ер азамат сырғанақтан сырғанаймын деп мерт болды

Ер адам баллоннан ұшып кеткен, салдарынан омыртқасы үш жерінен сынған

Алматы облысында Toyota Camry көліктерін айдап әкетумен айналысып жүрген азаматтарды қолға түсірді

Қылмыстық топ төрт азаматтан құралған
Çàãðóçêà...