Ақтөбеде мыңға жуық оқушы білім алатын мектептен өрт шықты
Ақтөбеде 22 ақпан күні таңертең Сәтбаев көшесіндегі No23 мектепте өрт шықты. Ғимараттан 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Мой город” порталына сілтеме жасап.
Мектеп әкімшілігі оқыс оқиға кезінде ата-аналардан балаларын тез арада алып кетуін сұраған.
Оқиға орнына Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді. Белгілі болғандай, мектептің бірінші қабатындағы кеңсе өртеніп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 8:12-де сөндірілді.
“Өрт мектеп директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының кабинетіндегі электр сүзгісінің қысқа тұйықталуынан болған. Ол таңертең компьютерді қосып, өзі шығып кеткен. Оның кеңсесіндегі заттар өртенді, басқа шығын жоқ", - деді №23 мектеп директоры Әлия Қасымова.
Өрт бірінші ауысымға дейін басталған. Екінші ауысымда да сабақтар болмады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген