Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе тұрғындары сіріңке тапшылығын түсіне алмай дал

Ақтөбе тұрғындары қалада не себепті сіріңкелердің азайып кеткенін түсіне алмай әлек. Дүкендерден сіріңке таба алмай дал болған ақтөбеліктер бірнеше дүкенді аралап, сіріңкені әрең сатып алып жүргендерін алға тартады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Сатушылардың өзі сіріңке тапшылығын түсіндіре алмаған. Олар бағаның қымбаттағанын айтады.

"Сіріңкелердің неге аз екенін білмейміз. Бағасы өте қымбат. Көтерме бағасы қазірдің өзінде 65 теңге", - дейді Оңай Сәрсенғалиева.

Саудагерлердің айтуынша, сіріңке тапшылығы жаздың соңында басталған. Көптеген дүкендерде олар мүлдем сатылып жатқан жоқ. Бар болғанымен, дүкенде бағалары өте қымбат. Мәселен, кішкентай бір қораптың бағасы 10 теңге.

Шенеуніктер де не болып жатқанын түсіне алмай отыр. Олар тек әлеуметтік маңызы бар тауарлардың ғана бағасын қадағалаймыз дейді. Ал сіріңке бұл тізімге енбеген. Бірақ сіріңке тапшылығының алдын аламыз деді әкімшіліктегілер.

Мұндай жағдай Қарағандыда да бар екен. Сіріңке тапшы болмаса да, бағасы қатты қымбаттаған көрінеді. 

"Череповец" сіріңкелері қымбаттады. Өйткені Ресейден әкелініп жатыр. Біздің өзіміздің сіріңке өндірушіміз жоқ. Бұрын 50 теңге болған, қазір 70 теңге", - дейді сатушы Тоқан Нұрбаев.

 

Талқылау