Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Ақтөбе облысында әйел кәмелетке толмаған екі баласын өлтірді деген күдікке ілінді

23 наурызда Қандыағаш қаласында 3 және 11 жастағы  балалардың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Рexels.com

Балалардың өліміне күдікті ретінде анасы ұсталды. Әйел – Атырау облысының тұрғыны.

“Алдын ала мәліметтер бойынша, ол босанғаннан кейін күйзелісте болған. 
Қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.

Тергеу жұмыстарын полиция басшылығы өз бақылауына алды.



Бұған дейін Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан жаңа туған нәрестенің денесі табылған еді. 

 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 23 Наурыз, 2025 17:36
Талқылау