Ақтөбе облысында анасы мен ұлы өздеріне қол салды
Ақтөбе облысында анасы мен ұлы өздеріне қол салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, отбасы мүшелерінің арасында жанжал орын алып, 63 жастағы кейуана өзіне қол салған. Мұны білген оның 28 жастағы ұлы да өмірмен қош айтысуды жөн көрген.
Жергілікті "Диапазон" порталының мәліметінше, оқиға 12 қыркүйек күні орын алған. Қайғылы оқиға орын алған күні үйде көз жұмғандардың туыстары болған.
Облыстық әкімдіктің мәліметінше, отбасы полиция тіркеуінде болмапты. Марқұм азамат бұрын ажырасқан, қайта отбасы құруды ойлап жүрген. Қайтыс болған зейнеткердің артында күйеуі және Ақтөбеде тұратын қызы қалған.
Мас болған: Алматыда көпірден секіріп кеткен ер азаматтың жағдайы белгілі болды
"25 жылдан бері Жаңа жылды тойламаймын": Қазақстандықтар не себепті айтулы мерекеден бас тартатындарын айтты
Жаңа жыл біздің отбасы үшін аса маңызды мейрамдардың қатарына кірмейді
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған