Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірім төбелес кезінде көз жұмды

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірім көшедегі төбелес кезінде көз жұмды. Оның өліміне күдікті ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтөбе облысында 15 жастағы жасөспірім төбелес кезінде көз жұмды

Оқиға 10 қарашада Заречный-3 аулында орын алған. Кәмелетке толмағандар арасындағы төбелес салдарынан бір жасөспірім көз жұмған. Тағы екеуі пышақ жарақатын алыпты. 

Полиция мәліметінше, жасөспірімнің өліміне күдікті ұсталған.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодестің «Кісі өлтіру» бабының бір, жеті, тоғыз және он төртінші тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді полициядағылар. 

Талқылау