Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жантүршігерлік оқиға туралы мәлімет: Ақтаулық әйел өгей баласын 20 жерден пышақтаған

Ақтаулық әйел 16 жасар өгей ұлын пышақ өлтірді деп айыпталуда. Өгей анасы баланы 20 жерден пышақтап өлтіріп, денесін  сарайға жасырып қойған. Бұл туралы екінші күні күйеуіне айтқан, деп хабарлайды КТК арнасы.

Әйел жасөспірімнің қыңыр мінезіне шыдамағанын айтты. Психикалық сараптама 35 жастағы Тұрсынай Сәрсенованың есі дұрыс екенін дәлелдеді. Бірақ, адвокат сараптаманы қайтадан өтуін сұраған.

Қорғаушы баланың ауыр мінезі әйелге қатты әсер еткенін айтып, ақтады. Туған анасы материалдық мәселелерге байланысты баланы мектепке барар шағында әкесіне тастап кеткен.

Туған анасы баласының өліміне кінәлі әйелге ауыр жаза тағайындауды талап етіп отыр.

Айыпталушы 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

“Менің баламды қанша жыл қинады, ол сонша жыл өмірін түрмеде өткізсін. Ол ұлымды аштан қалдырды, ұрды. Кезекті рет ұрған кезінде  ұлымның көзі көрмей қалды. Біз дәрігерге қаралдыө, олар көзді қайта қалпына келтіру мүмкін емес екенін айтты. Ұлымның әбден ығырын шығарып, өлтірді. Әрине, оның қатаң жазалануын талап етемін”, – дейді баланың туған анасы Кәмшат Қожақова.

Тағы оқыңыз:

Қытайда 26 жастағы қазақстандық футбол ойынынан кейін қайтыс болды

Макгрегор қазақстандық егізімен бірге АҚШ-та автобусқа шабуылдады (видео)

Британдық боксшының промоутері: Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі күзге жоспарланды

Түркістанда өткен халықаралық бокс турнирінде Бекзат Саттархановтың інісі жеңіске жетті

Талқылау