Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балалар жерде ұйықтап, кассир мас күйде жұмыс істеген: Ақтаудағы қоғамдық әжетханадағы жағдай көпшіліктің ашуын тудырды

әжетханада балалар ұйықтағанФото: Lada.kz

Ақтау тұрғындарының айтуынша, 15-шағынаудандағы жағалауда орналасқан қоғамдық әжетханаға барған кезде олар төзгісіз көрініске куә болған. Бөлменің еденінде балалар ұйықтап жатыр, ал кассир әйел мас күйде қызмет көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтаулық зейнеткерлер жұбы бұл оқиға жайлы редакцияға хабар беріп, жағалаудағы қоғамдық дәретханада болып жатқан сорақы жағдайды бөлісті.

"Біз, зейнеткерлер, бүгін жай ғана серуендеуге шыққан едік. Жолдасым қоғамдық әжетханаға кіріп шықпақ болды. Бірақ ішке кірген кезде көргеніміз бізді шошытты. Біріншіден, кассир әйел – анық мас күйінде, бізден төлем алды. Ал іште, еденде балалар ұйықтап жатыр. Артынша ол жерге тағы бір ер адам баласымен және бір әйел кірді, олар да мас болатын. Бізге ұрысып, болып жатқан жайтты телефонымызға түсіруге тыйым салды. Бұл қоғамдық орын үшін сұмдық жағдай. Мұнда отбасылар, балалар жиі келеді", – деді қала тұрғыны.

Әйелдің айтуынша, әжетханада тағы бір бөлек бөлме бар, ол жерде де жасөспірімдер ұйықтап жатқан.

балалар әжетханада ұйықтағанФото: Lada.kz

"Әжетхана қандай да бір түсініксіз адамдар жиналатын орынға айналып кеткен. Тазалық жоқ, санитарлық жағдай өте нашар", – деді ол.

Тұрғын қала әкімдігінен осы мәселеге назар аударып, шұғыл шара қабылдауды сұрайды.

"Қалалық билік бұл жағдайға бейжай қарамайды деп үміттенемін. Қалай болғанда да, бұл – қоғамдық орын. Мұнда әрдайым демалушылар көп. Ал егер бұл жерге жасөспірім кіріп кетсе ше? Бұл қауіпті. Немесе турист кірсе, қандай әсермен кетеді? Әжетхананың дәл жанында қонақүй орналасқан", – деді қала тұрғыны.


"Жүрегім кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін": "Бетперделі жігіт" сирек кездесетін диагнозы бар қызға пәтер сыйлады


Қазақстандық шенеунік екі жыл бойы жетім балаға арналған пәтерде тұрып келген


Еске салайық, бұған дейін Таиландта бірнеше жыл бойы иттермен бірге өмір сүрген бала табылғанын жаздық. Мәлімет бойынша, баланың анасы мен 23 жастағы ағасы есірткіге тәуелді болған. Әйел үнемі баланың оқуына арналған мемлекеттік жәрдемақыны шамамен 400 бат (6500 теңгедей) алып отырғанымен, бала мектепке бармаған. Бала сөйлемейтін, тек итше үреді. Сондай-ақ ол жануарлардың әдеттерін толық сіңіріп, төрт аяқтап жүрген. Адамдардан қашқақтап, уақытын иттермен өткізген.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 04 Тамыз, 2025 15:43
Талқылау
`