Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда зорланған қыздың туыстары қылмыскерге өлім жазасын беру тым жеңіл жаза деп есептейді

Ақтауда зорлыққа ұшыраған алты жасар қыздың туыстары қылмыскерге өлім жазасын тағайындау тым жеңіл жаза болады деп есептейді.

vsvsvs

“Ішің алай-дүлей болып жатады. Шарасыздықтан не істеріңді білмейсің. Сол кезде қылмыскерді ұстадық, өлім жазасына кесу туралы сыбыс шығады. Бірақ, шын мәнінде оны өлтіре салу тым жеңіл жаза болар еді”, – дейді қыздың туысы. Оның сұхбаты тележүргізуші Динара Сәтжанның Фейсбуктағы парақшасында жарияланған.

Ол қыздың әлі күнге дейін есін жимағанын, дәрігерлердің оның өмірі үшін күресіп жатқанын айтты.

“Қатты тұншықтырғаннан миында оттегі азайып кеткен. Бас ми қабығы әбден бүлінген”, – деді туысы.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бейсенбі күні Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығында зардап шеккен қызды қолдау акциясы өткен. Медициналық мекемеге қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, олимпиада чемпионы Гюзель Манюрова, тележүргізуші Динара Сәтжан, актер Әнуар Нұрпейісов және әнші Айгүл Иманбаева келіп, қолдау білдірген.

Ауруханада қыздың екі әжесі немерелерін тәулік бойы күзетуде. Ол ауруханаға 27 тамыз күні ауыр жағдайда түскен болатын.

“Қолдау ретінде материалдық көмек көрсету мәселесін біз қарастырып жатырмыз, ең бастысы қыз есін жинаса үлкен қуаныш болар еді. Бұл өте ауыр жағдай. Мұндай кезде қоғам жұдырықтай жұмылып қолдау білдіруі тиіс. Педофилдерге қатаң қарсылық көрсетіп, олар қатаң жазалануы тиіс”, – деді Ермек Аманшаев.

Неврология бөлімінің меңгерушісі, дәрігер Алтыншаш Жақсыбаеваның айтуынша, қазір Виктория команың үшінші деңгейінде жатыр екен. Әзірге оны ояту үшін жасалып жатқан шаруалар еш нәтиже бермеген.

Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол жереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыздар:

Мұхтар Тінікеев: 24 мың теңгеге қалай өмір сүруге болады?

Депутат Ізмұхамбетовтің экс-келіні үш баласын ДНҚ сараптамасын тапсыруға жіберді

Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты

Талқылау