Динара Сәтжан мен Айгүл Иманбаева зорланған 6 жасар қыздың көңілін сұрап қайтты (видео)

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 18:03

Соңғы уақытта елдің назары Ақтауда зорланған 6-жасар қыздың денсаулығында. Дүйім жұрт педофилдің қармағына тап болған бүлдіршін үшін алаңдаулы. Әсіресе, 6-жасар Викторияның туыстырана оңай тимей отыр.

pogudx29kfapan0m6g.17dfbd44

Жуырда Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Гюзель Манюрова, тележүргізуші Динара Сәтжан, актриса Айгүл Иманбаева және актер Әнуар Нұрпейісов ауруханаға бас сұғып, бүлдіршіннің жағдайын біліп қайтты.

6-жасар Викторияның денсаулық жағдайы туралы балалар неврологиясы бөлімінің меңгерушісі, қыздың дәрігері Алтыншаш Жақсыбаева әңгімелеп берді.

«Қазір бала үшінші деңгейлі комада жатыр. Науқастың жағдайы өте ауыр. Өкінішке қарай, болған оқиғаның салдарынан бүлдіршіннің миы ұзақ уақыт бойы қажетті оттекті қабылдамаған. Соның салдарынан оның миына үлкен зақым келген, қазір ол жұмыс істемей тұр», – дейді дәрігер.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында кішкентай Викторияны қолдау акциясы өткізілді. Ермек Аманшаев, Гюзель Манюрова, Динара Сәтжан, Айгүл Иманбаева және Әнуар Нұрпейісов ұйымдастырылған арнайы бұрышқа ойыншықтар алып барды.

Динара Сәтжанның айтуынша, Виктория ғана емес, оның қос әжесі де медициналық көмекке зәру.

«Виктория кішкентай болғанына қарамастан, зорлаушыларға қатысты заңды өзгерте алады. Қылмыскерлер біздің және балаларымыздың жанында өмір сүрмеуі тиіс. Біз оларды тоқтатуымыз керек», – деп жазды Сәтжан желідегі парақшасында. Сондай-ақ, тележүргізуші Викторияның әжесінен алынған сұхбаттың видеосын жариялады.

Немересінің бастан кешіргеніне жүрегі тілімденген әженің көзі жастан тыйылмады.

«Шарасыздықтан не істеріңді де білмейсің. Оған тіпті өлім жазасы кесілсе де, аз. Біздің балапанымыздың кешкен күйінің қасында өлім жазасы да түк емес», – деді Викторияның әжесі.

Викторияның жанында күндіз-түні отырған қос әжесі немерелері үшін қатты алаңдауда. Айта кетейік, бүлдіршін ауруханаға 27 тамыз күні ауыр халде жеткізілген болатын.

Ал Ермек Аманшаев материалдық жағынан толықтай көмек көрсетілетінін айтып, бастысы Викторияның оянып, аман-есен отбасына оралуын тілеп отыр.

«Өте ауыр жағдай. Педофилдерге қарсы бүкіл қоғам болып күресуіміз керек. Мұндай адамдар заң жүзінде тиісті жазасын алуы тиіс», – деді ол.

Была сегодня в детской больнице, где уже 15 дней лежит в коме 6-летняя Виктория из Актау. То что с ней сделал этот изверг врачи описывают сложными словами. Состояние ребёнка критическое. Бабушки маленькой Виктории сами периодически нуждаются в медицинской помощи. В Центре материнства и детства открыли уголок Виктории, где можно оставить свои пожелания. Виктория, не смотря на свой маленький возраст может сейчас изменить закон о насильниках. Они не должны жить рядом с нами и нашим детьми!!!!! Мы должны их остановить!!!!

A video posted by [email protected] +7 702 3331122 (@dinarasatzhan) on

Жіберіп алмаңыз: 

Тележүргізуші Динара Сәтжан өз қолымен қой сойды

Алматы облысында жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып кетті

Ақтауда зорланған қызды тапқан ер адамды полицейлер 5 тәулік қамауда ұстаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Өлтіргенмен не пайда ондай оңбағандарды? Бүлдіршіндердің өмірі құрыды. Заң дұрыс емес. Тек сотталып келетінін біледі олар. Сол үшін бұндай қылмыс тоқтамай тұр. Құдай сақтай гөр.

  • Анонимно says:

    Құдайым сақтай гөр,аман болсын балапан.Ол азғының жазасын өзің мықтап бер.

  • Анонимно says:

    Педафилдерди ату жазасына беру керек кыздын омирин курты ондаган жер калай котерип жур сол адамды

  • Анонимно says:

    Жаным алла жар болсын аи алла тагала колдаи гор

  • шарт says:

    зорлаган адамды кинап барып олтиру керек

    • Анонимно says:

      Ондай айуандарды бүкіл жұрттың көзінше жазалау керек.Педафилмен айналысатын айуандар өздерін қандай жаза күтіп тұрғанын біліуі керек.Кішкентай сəбиге алла жар болсын.Заңымыз дұрыс емес,көп өзгерістер енгізу қажет

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар