Ақтауда зорланған қызды тапқан ер адамды полицейлер 5 тәулік қамауда ұстаған

Жексенбі, 4 Қыркүйек , 2016 11:59

Ақтау тұрғыны Олег Черномазов зорланған 6 жасар қызды қай жерде, қалай тапқанын айтып берді. Өзінің айтуыаша, ол бүлдіршінді өндірістак база жанындағы шөп арасынан тауып алған екен.

Безымянный

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Менің 100 метр жерде жылқы қорам бар. Жылқы қораның жақын маңынан қамыс шабамын. Дәл сол күні кешкілік қамыс шабуға бара жатып, шөп арасында жатқан бүлдіршінді көріп қалдым. Бүлдіршін ес-түссіз халде жатты. Мен телефонымды жылқы қорада тастап кеткендіктен, соны алуға бара жатқам. Сол сәтте алдымнан патруль полицейлері кезіге кетті”, – дейді Олег Черномазов.

Өзінің айтуынша, оны сол күні сараптамадан өткізіп, нәтижесі шыққан соң бес тәуліктен кейін босатқан.

Олег Черномазовтың айтуынша, қылмыскер бүлдіршін табылған мекеннен  бейхабар көрінеді. Өйткені, дәл 20 метр жерде сортаң болған. Егер олар қызды сортаңға қалдырған жағдайда, оның тірі қалары екіталай еді.

Оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болды. 6 жасар қыз әжесімен дүкенге бірге барғанда оны  белгісіз біреу ұрлап кеткен. Екі сағат бойы өздері іздеп таба алмағасын олар полицияға шағымданған.

Қыз бала кешке қарай ес түссіз күйде «Нұр плаза» жағажайына қарсы бетте табылған. Ол жереу аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 120 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі алты жасар қызды зорлаған қылмыскер туралы ақпарат берген адамға 3 миллион теңге сыйақы тағайындағаны хабарланған еді.  Кейінірек қызды зорлаған күдіктінің ұсталғаны хабарланғанымен, оның қылмысқа нақты қатысы бар екені расталмады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • марат says:

    қылмысты аштық деп кінәсіз адамды кінәламаса жәрар еді .

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар