Назым Қызайбай олимпиададағы жүлдесі үшін сыйға алған көлігін сатуға қойды

Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бокстан үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде маңызды шешім қабылдағанын хабарлады. Танымал спортшы олимпиадалық жүлдесі үшін сыйға берілген автокөлікті сатуға қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Боксшының айтуынша, бұл қадамға баруына оның көптен бергі арманы – жеке бокс залын ашу себеп болған.
"2025 жылға қойған жоспарым көп еді, шүкір, соның басым бөлігі орындалды. Әсіресе үш мақсат мен үшін өте маңызды болды. Біріншісі – үш дүркін әлем чемпионы атану, екіншісі – отбасыма үлкен үй алып беру, үшіншісі – бокс залын ашу. Қазіргі таңда осының екеуі орындалды", – деді Назым Қызайбай.
Спортшы бокс залына арналған ғимаратты да алдын ала қарап қойғанын айтты. Сонымен қатар автокөліктің жағдайы жақсы екенін, оны жақсы көретінін жасырмады.
Алайда арманын жүзеге асыру жолында бұл сыйлықпен қоштасуға дайын екенін жеткізді.

"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған
“Қазақша сөйлейтін Диана ханшайым”: Желіде Англияда жүріп қазақ тілінде сөйлеген ару көпті тәнті етті
Лариса: “Ағылшын тілі деңгейім қазақ тіліне қарағанда төменірек”