Астанада автобус жүргізушілерінің төбелесі жолаушылардың жағасын ұстатты

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 21:52

Астанада қоғамдық көлік жүргізушілері бір-бірімен жаға жыртысты. Жұрттың көзінше төбелескен қызу қанды жігіттердің бұл қылығын жолаушылар ұялы телефонға түсіріп алған, – деп хабарлайды ктк арнасы.

 

Снимок экрана (141)

Бір-бірін жұдырықтап жатқан Елордадағы нөмері 39 бен 120-ншы бағыттағы автобустың жүргізушілері мен кондукторлары. Шанхай базарының жанында төбелес шығарған олар жолды бөлісе алмай, бір жағы жолаушыларға да таласқан сыңайлы.

Жиналған жұрт бір-бірін төпештеп жатқандарды ажыратуға тырысқанымен, қызу қанды жігіттер бой берген жоқ. Біраз тартыстан соң екі жақ полиция шақырмай, жан-жаққа кетіп қалыпты. Автопарк басшылығы да тентек қызметкерлеріне тек ескерту берумен шектелген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Шанхай кытай елi емеспе мына кошенi өзгерту керек

    • Анонимно says:

      Негізі “Көк Базар”.Бұрын Шанхай болған.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар