Депутат Ізмұхамбетовтің экс-келіні үш баласын ДНҚ сараптамасын тапсыруға жіберді

Бейсенбі, 15 Қыркүйек , 2016 23:02

Айгерім Ізмұхамбетова ДНҚ сараптамасын тапсырды. Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовтің бұрынғы келіні халық таңдаулысына үш баласының да оның туған немерелері екенін дәлелдеуді ұйғарды. Бұрынғы күйеуі алимент төлеуден қашып отыр. Қамыққан әйел экс-қайын атасынан балаларын өсіріп-жетілдіруге көмек сұрады. Алайда Ізмұхамбетованың сөзінше, депутат балалардың қан арқылы туысы екендігі дәлелденгенде ғана көмек қолын созбақ. Мәселені ұзаққа созуды жөн көрмеген Айгерім бірден зертханаға жол тартты.

Снимок экрана (145)

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Элина, Айсұлтан, Айберген есімді үш баласымен бірге Айгерім Ізмұхамбетова ДНҚ сараптамасын тапсыруға барды. Әйелдің сөзінше, бұл – бұрынғы қайын атасының шарты. Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов немерелерінің туыстығын дәлелдеуді талап еткен-мыс. Десе де үлкен қызын депутаттың мойындайтынын, ал кейінгі екі баласын жат көретінін айтады Айгерім. Әйел депуттатардың ДНҚ сараптамасынан өтуді ұсынғанын алға тартады. Бірақ кейіннен қайта хабарласпаған. Айгерім үшін үш баласының депутатпен туыстығы олардың жарқын болашағына қатысты мәселе болғандықтан, ұзаққа созбай іске кірісуді жөн көрген.

Туыстық қатынасты анықтау үшін сарапшылар Элина, Айсұлтан, Айбергеннен сілекейін алған. Қазақстан аумағынан ДНҚ сараптамасын өз бетінше жүргізе алатын жеке меншік зертхана табу оңайға соқпаған. Барлығы талдауды шетелге жібереді. «TreeGene» генетикалық зертханасы республика көлемінде жалғыз болып шықты.

«Үш пациенттен де ұрт эпителийі алынды. Алынған үлгілер зертханада бір ай көлемінде сақталатын ары қарайғы ДНҚ сараптамасына жіберілді. Бұл уақыт ішінде туыстық қатынасты анықтау үшін екінші тараптың да ДНҚ сараптамасынан өткені жөн», – дейді «TreeGene» генетикалық зертханасының меңгерушісі Вячеслав Белоусов.

Туыстық қатынасты анықтау мәселесі депутат экс-келінінің жарияға жар салған видеоүндеуінен кейін көтерілген. Әйел бүкіл мемлекетке ықпалды депутат баласының алимент төлемейтінін жайып салды. Оған қоса бұрынғы қайын атасынан балаларының тәрбиесіне көмектесуін сұраған. Сол кезде Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жауабы мынадай болған еді.

«Бірнеше рет тұрмыс құрған. Бірнеше баласы бар. Әкесі кім? Осы туралы сөз қозғау қажет. Және алиментке қатысты мәселе бойынша сотқа емес, тілшілерге жүгінген жағдайды алғаш көруім», – дейді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Енді Айгерім Ізмұхамбетова бұрынғы қайын атасынан ДНҚ сараптамасын тапсыруын сұрайды. Ол қазір бұрынғы күйеуінің қайда екенін білмейді. Сондықтан Айгерім біз арқылы депутаттың өзіне үн қатуды ұйғарды.

«Бақтықожа Салахатдинұлы, менің айтпағым: ДНҚ мәселесі бойынша талабыңызды орындадым. Балаларды ертіп әкеліп, ДНҚ сараптамасын тапсырттым. Ендігі сіздің тараптың кезегі. Сіз сұрадыңыз, нәтижесі міне. Өтінемін, ДНҚ сараптамасын тапсырып, қарап көріңіз. Олар – сіздің немерелеріңіз. Мен оларды некелі кезімде өмірге әкелдім», – дейді Бақтықожа Ізмұхамбетовтің бұрынғы келіні Айгерім Ізмұхамбетова.

Бұл жолы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өзінен жауап алудың сәті түспеді. Депутаттың қол бос болмады. Оған қоса ол барлық сұрақтың ұлына қойылуы тиіс екенін айтқан-ды. Әрине, ата-әже заңы балаларының орнына алимент төлеуді міндеттемейді. Көмек қолын соза ма, жоқ па, ол өз еркінде қалатын шаруа.  Бұл жағдайда мәселе сот орындаушыларына келіп тіреледі. Олар балалардың әкесін тауып, алимент төлеуге мәжбүрлеу керек.

Балалар анасының сөзінше, бұл шамамен айына 76 мың теңге. Алайда әйел өткен жылдарда, яғни 10 жыл ішінде төленбеген алименттің де қарымын қайтармақ. Біздің жуықтап есептеуіміз бойынша, ол 5 миллион теңгеден астам соманы құрайды. Десе де бұл оқиғаның немен тынарын күту ғана қалды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Анонимно says:

    После этого депутат что будет народу говорить

  • Анонимно says:

    Уят-ай , елге калай акыл айтады бул депутат?

  • Анонимно says:

    Толесин иттің баласы таптырганды білген де асырауды билмей ме

  • Анонимно says:

    Неге міндеттелмеген,жұмыссыз болса,ата -əжесінің зейнетақысымен төленеді деген сөз қайдан шыққан сонда…

  • Анонимно says:

    Куйеуинин жагдайы келмесе ата анасынын зейнетакысынан толейди деп естигенмин. Сол распа?

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар