Ақтауда жаралы ер адамды аурухана есігі алдына әкеліп тастап кетті (видео)
Маңғыстау облыстық ауруханасындағы бейнебақылау камерасы есік алдына жаралы ер адамды тастап кете салған сәтті түсіріп алған.
Бұл туралы lada.kz хабарлайды.
Кадрда BMW маркалы автокөліктің қабылдау есігінің алдына келіп, ішінен түскен жолаушы көлік салонынан ер адамды алып шығып, тастай салады. Содан соң әлгі жолаушы қайтадан көлікке отырып кетіп қалады.
Видеода қабылдау есігінен шыққан ер адам да байқалады. Ол қанға боялған ер адам туралы дәрігерлерге хабарлайды.
Оқиға 3 қаңтар күні, үйлену тойынан кейін болыпты. 1987 жылы туған ер адамның миы шайқалып, бірнеше жерінен жарақат алыпты. Қазір ол нейрохирургиялық бөлімде жатыр.
Оқи отырыңыз:
ШҚО тұрғыны бір жыл бойы ағасының қыздарын зорлап келген
Шымкентте Швециядан келген еркекті асқан хайуандықпен өлтірген
Дәрігерлер балалардың смартфон, планшет алдында қанша уақыт отыру керегін айтты
Алматы облысы тұрғындары мұғалімнің жеткіншектерден таяқ жедім деп жала жапқанын айтады